Алматыда бірнеше көлікті тонағандар ұстады

Алматыда бірнеше көлікті тонағандар ұстады
Сурет: Polisia.kz

Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматылық екі тұрғынның көлікте жасалған 20-дан астам ұрлық дерегіне қатысы бар екендігі дәлелденді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

28 жастағы Г.есімді азамат пен оның құрдасы Н.есімді азамат көлік салонынан бірнеше ұрлық жасады деген күдікке ілінген.

«Ұрлық дерегі бойынша жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер Volkswagen Touareg көлігіне әйнекті сындыру арқылы кіріп, жеке мүлкін ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 1,5 млн теңгені құрайды. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында біздің бөлімше қызметкерлері ұрланған заттарды сатып алушылардың және қаскөйдің ізіне түсті. Күдіктілердің ауданымызда 10, қалада 20-дан астам қылмыс жасағаны анықталды. Ұстау кезінде олардан, ұрланған қару тәркіленді», – дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Бұған дейін екі күдікті де бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бірнеше рет сотталғаны белгілі. Қазіргі уақытта ұсталғандар ұрлық жасағандарын мойындап жатыр. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.