Алматыда бірнеше көлік ұрлаған күдіктілер ұсталды

Алматыда бірнеше көлік ұрлаған күдіктілер ұсталды

Қазіргі уақытта осыған ұқсас үш эпизод тіркелді.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен екі ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«44 жастағы Жамбыл облысының тумасы мен оның 34 жастағы сыбайласы бұрын бірнеше рет сотты болған. Қалалық криминалдық полицияның жедел уәкілдері полицияның арнайы жасақтарының көмегімен арнайы іс-шараны жүргізді. 44 жастағы С.есімді азамат пен 34 жастағы С.есімді азамат ұсталды. Олар өз кінәларын мойындады. Әуезов ауданы аумағынан ұрланған көлік Жамбыл облысында, тағы бір Mazda осы өңірдің Луговое ауылынан табылды. Ал үшінші көлік бүтін күйінде Алматы облысында тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оның мән-жайы ҚР ҚК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормасына сәйкес жария етуге жатпайды.