Алматыда бірнеше автобустың бағытына өзгеріс енгізілді

Алматыда бірнеше автобустың бағытына өзгеріс енгізілді
Сурет: Ашық дереккөзі

Алматы Қалалық мобилділік басқармасы №88, №123 және №125 маршруттардың схемаларына өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алмалы ауданы тұрғындарының өтініштері бойынша 5 қарашадан бастап № 88 маршруттың қозғалысының схемасы өзгертіледі. 

Енді ол Батыс зиратынан Момышұлы көшесінің бойымен жүріп өтіп, содан кейін Рысқұлов көшесімен солға қарай бұрылады: Рысқұлов к-сі - Саин к-сі - Райымбек даңғ.  - Әуезов к-сі - Гоголь к-сі - Қонаев көш. содан кейін Райымбек даңғылына бұрылып, Жангелдин көшесінің бойымен Мақатаев көшесіне дейін баарады (соңғы пункт - Көк базар), содан кейін Қонаев көшесіне шығып, одан әрі схема бойынша кері бағытта жүретін болады. 

Сонымен қатар, 7 қарашадан бастап №123 және №125 маршруттардың қозғалыс схемасы өзгертіледі. 
№123 маршрут енді Сейфуллин даңғылынан Шевченко көшесімен Манас көшесіне дейін барады. Ал кері бағытта өзгеріссіз. 

№125 маршрут  енді Бекболат көшесіне Солтүстік айналма жолдан шығып, Өжет-Солтүстік шағын ауданына дейін қозғалып, кері бұрылып, Қаракөз көшесіне дейін, әрі қарай кері бағытта схема бойынша жүретін болады. Кері бағытта да Өжет-Солтүстік шағын ауданына кірумен қозғалады.