Алматыда бірнеше алаяқтыққа қатысы бар әйел ұсталды

Алматыда бірнеше алаяқтыққа қатысы бар әйел ұсталды Сурет: Polisia.kz

Алматылық полицейлер бірнеше алаяқтық фактісіне қатысы бар әйелді ұстады.


55 жастағы әйел бірқатар қызмет түрлерін алуда өзін делдал ретінде “ұсынған”  туралы болып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Бұрын істі болған күдікті, жалған есімдерді пайдаланып, белгілі бір мәселелерді шешу үшін азаматтардың ақшасын заңсыз иемденген. Ипотека және мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға, бастапқы жүргізуші куәлігін алуға, оқу орындарына түсуге, факультеттерден ауысуға және т.б. көмектесуге уәде берді. Кейбіреулерге әйел адам айтқан шарттар тартымды және тиімді болып көрінді. Олар жинақтарын делдалға беріп, оның орнына уәделер мен кепілдіктер алған. Қазіргі уақытта полицияға 7 адам арызданған. Ол ұсталды», – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.



Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергеліп жатыр.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31