Алматыда Бірлік күні мерекесі өтіп жатыр

Алматыда Бірлік күні мерекесі өтіп жатыр Inform.kz

Оңтүстік астаналықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлап жатыр. Республика сарайының алдында көптеген ұлттардың салт-дәстүріне сай қолөнер туындылары мен ұлттық тамағы, киімдері қойылған отыз бірлестік үйі тігілді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Абай алаңына халық көп жиналды. Көңілдері көтерінкі, бір-бірін құттықтап жатыр. Әрбір ұлт өзінің мәдениетінен сыр шертетін көрме ұсынды. Әнін шырқап, биін биледі. Ынтымағы жарасқан елде тұрып жатқандарын мақтан тұтатындарын таласа айтты.



«Достық пен ынтымақ бар жерде, береке мен ырыс болары айдан анық. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Ұлт пен ұлыстың татулығы арқасында, бүгінде, мемлекетіміз өркендеп, ілгері дамып келе жатыр. Жаңа Қазақстан кезеңі басталды. Осы орайда, мамыражай мамырдың алғашқы мерекесінде Қазақстандағы барша ұлыс көңілі даладай дархан қазақ жұртына ризашылығын білдіріп жатыр», – дейді түрік ұлтының өкілі Зарина Ахметова.



Оңтүстік астаналықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлап жатыр. Республика сарайының алдында көптеген ұлттардың салт-дәстүріне сай қолөнер туындылары мен ұлттық тамағы, киімдері қойылған отыз бірлестік үйі тігілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Абай алаңына халық көп жиналды. Көңілдері көтерінкі, бір-бірін құттықтап жатыр. Әрбір ұлт өзінің мәдениетінен сыр шертетін көрме ұсынды. Әнін шырқап, биін биледі. Ынтымағы жарасқан елде тұрып жатқандарын мақтан тұтатындарын таласа айтты.



«Достық пен ынтымақ бар жерде, береке мен ырыс болары айдан анық. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Ұлт пен ұлыстың татулығы арқасында, бүгінде, мемлекетіміз өркендеп, ілгері дамып келе жатыр. Жаңа Қазақстан кезеңі басталды. Осы орайда, мамыражай мамырдың алғашқы мерекесінде Қазақстандағы барша ұлыс көңілі даладай дархан қазақ жұртына ризашылығын білдіріп жатыр», – дейді түрік ұлтының өкілі Зарина Ахметова.


«Мен барша қазақстандықтарды 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Әсіресе, жастар бұл мейрамның мән-мағынасын жақсы түсінсе екен деймін. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін»,- Анна Торасьян Армян этномәдени бірлестігінің өкілі.



Меркелік шара концерттік бағдарламамен ұласты.


Айта кетейік, Қазақстан Халықтарының Бірлігі күнініне арналған іс-шаралар қаланың барлық ауданында тойланып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет