Алматыда бірыңғай емханалар стандарты әзірленеді

Алматыда бірыңғай емханалар стандарты әзірленеді ufa-town.ru

Ұлт сау болғанда, қоғам үйлесімді дамиды.


Ағымдағы жылғы 16 қарашада Мемлекет басшысының қала халқымен кездесуде берген тапсырмасы бойынша қаланың жаңа стационарларын салуды жобалау және қолданыстағы стационарларды қайта құрылымдау жоспарлануда, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



Мәселен, Орталық қалалық клиникалық аурухананың жаңа корпусын салу, қаламыздың 10 көпсалалы ауруханасы мен босандыру ұйымдарын жаңғырту солардың қатарында. Бұдан басқа, Алатау ауданында перзентханасы бар 500 орындық көпбейінді аурухананы жобалауды бастау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі бойынша Медеу ауданында 200 орындық көпбейінді аурухана салуды бастау жоспарлануда. Жобалау мақсатына 2023 жылға арналған бюджет жобасында 1,6 млрд. теңге көзделеді.



Әкімдіктің бастамасы бойынша 2023 жылы Алматы қаласының бірыңғай емханалар стандарты әзірленеді, ол алдымен жаңа объектілерді салу кезінде енгізіліп, кейін жұмыс істеп тұрған емханаларға қолданылады. 2023 жылы 6 жаңа емхана мен 3 отбасы-дәрігерлік амбулаторияны жобалау мақсатына 437,3 млн. теңге, 4 отбасы-дәрігерлік амбулаторияны салуды бастауға 3,2 млрд. теңге көзделді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:32

09:19

08:48

08:22

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06