Алматыда бір тәулікте 152 жасөспірім полицияға жеткізілді

Алматыда бір тәулікте 152 жасөспірім полицияға жеткізілді Сурет: Tengrinews.kz

Алматыда «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы өтуде.


Оның алғашқы күні 152 жасөспірім полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Алматыда 17-19 шілде аралығында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу және алдын алу бойынша жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Ол бойынша саябақтарды, алаңдарды, қараусыз қалған үйлер мен жасөспірімдер жүруі мүмкін басқа да жерлер тексеріледі. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Диас Дуанбеков айтты.


«Бір тәулік ішінде ішкі істер органдарына 152 жасөспірім жеткізіліп, 138 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 9 жасөспірім арнайы есепке алынды. Қараусыз және панасыз қалғаны үшін 11 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды», - деді полиция полковнигі Диас Дуанбеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0