Алматыда бір мектептің 7 оқушысы ауруханаға түсті

Алматыда бір мектептің 7 оқушысы ауруханаға түсті Сурет: Ulysmedia.kz

Алматыдағы №96 мектептің 7 оқушысы бұрыш баллонынан уланып қалды.




Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 


Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқыс жағдай 29 наурыз күні мектеп дәретханасында үзіліс кезінде болған.



«29 наурыз күні полиция бөлімшесіне Алмалы ауданында орналасқан №96 жалпыға білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы, қоңырау уақытында дәретханада баллоннан бұрыш шашып, соның салдарынан жанында тұрған оқушыларға иіс тиіп, уланғаны туралы хабар түсті. 7 оқушы "жедел жәрдем" көлігімен ауруханаға жеткізілді»,- деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.



Аталған дерек бойынша, Алмалы аудандық полиция басқармасы оқушының ата-анасына ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 127-бабына сәйкес шара қолданады.


Сонымен қатар материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет