Алматыда бір күнде 61 жол ережесін бұзушы анықталды

Алматыда бір күнде 61 жол ережесін бұзушы анықталды
almaty-akshamy.kz

Алматы полициясы «Қоғамдық көлік» іс-шарасының бірінші күнінің қорытындысын шығарды

Өткен тәулікте шаһар жолдарында қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 61 жол ережесін бұзу дерегі анықталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Атап айтқанда:

 - ҚР ӘҚбК-нің 591 бабы (көлікті басқару кезінде телефонды пайдалану) – 28

 - ҚР ӘҚбК-нің 595 бабы (маневр жасау ережесін бұзу) – 24

 - ҚР ӘҚбК-нің 334 бабы (шығарындылардағы ластаушы заттардың мөлшері бойынша нормативтерден асуы) – 3

 - ҚР ӘҚбК-нің 590 бабы 7 бөлігі (тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтау) - 2

 - ҚР ӘҚбК-нің 571 бабы 2 және 3 бөлігі (Жолаушыларды, және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу) - 1.

 - ҚР ӘҚбК-нің 572 бабы 2 бөлігі (еңбек және демалыс режимін бұзу) - 1

 - ҚР ӘҚбК-нің 590 бабы 9-бөлігі (мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген) - 1

 - ҚР ӘҚбК-нің 596 бабы 3 бөлігі (қарсы жолаққа шығу) - 1

 Төрт қоғамдық көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды,

 Сонымен қатар, автокәсіпорын басшыларынан 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.