Алматыда білім берудегі жаңа технологиялар жайлы конференция өтеді

Алматыда білім берудегі жаңа технологиялар жайлы конференция өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

Ақыл-ой мен технологиялардың тоғысуы

2022 жылы қарашаның 23-24 күндері Алматы қаласында білім берудегі жаңа технологиялар жайлы EdCrunch Reload конференциясы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
Жиында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек спикер ретінде сөз сөйлейді.

Биылғы конференцияның негізгі тақырыбы – «Ақыл-ой мен технологиялардың тоғысуы» (Merging Minds & Technology). Әлемге әйгілі шетелдік және қазақстандық сарапшылар нейробиология мен технологиялар туралы білімді біріктіріп, білім беруді өзгерту, оқытушылар мен білім алушыларға бағытталған формалды тәсілдерді жою мәселелерін талқылайды.

Конференция 5 000 қатысушының, 20 000 онлайн-трансляция тыңдаушысының және әлемнің 25 елінен келетін 350 спикердің басын қосады.