«Арманға апарар жол»

«Арманға апарар жол»
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда Бибігүл Смақова мен Гүлнәр Табанованың көрмесі өтеді. Көрме 29 қарашаға дейін жалғасады. 

Қарашаның 15 мен 29 күндері аралығында Алматыда суретшілер Бибігүл Смақова мен Гүлнәр Табанованың «Арманға апарар жол» атты көрмесі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Смакова Бибігүл 1969 жылы дүниеге келген. 1989 жылы Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің театр-декорация факультетін және 1999 жылы Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетінің көркемсурет-графика факультетін бітірген. Оқуды аяқтағаннан кейін педагогикалық колледжде бейнелеу өнерінен сабақ берді. Алайда, бірнеше жылдық педагогикалық қызметтен кейін Б. Смакова шығармашылықты ұзақ жылдарға қалдыруға мәжбүр болған. Бүгінгі таңда Б. Смакова шығармашылық пен балаларды оқытумен айналысуды жалғастыруда, сондай-ақ халықаралық көрмелердің ұйымдастырушысы және қатысушысы. 

Табанова Гүлнара Н. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін және Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген. Ол 30 жылдан астам Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрында жұмыс істеп келе жатыр. Суретші танымал өнер қайраткерлері Роза Бағланова, Мәдина Ералиева, Бағдат Самединова және т.б. бас киімдерін жасаған. Г. Табанова «Мәдениет қайраткері» атағына ие болған (2005) және Еуразиялық шығармашылық гильдиясының мүшесі болып табылады (2019). 

«Арманға апарар жол» – Бибігүл Смақованың шығармашылық жолының қалыптасуына үлес қосқан анасына деген шексіз сүйіспеншілігіне, және Гүлнара Табановамен достығына арналған көрме. Көрмеде суретшілер арасындағы 40 жылға жуық достық біртұтас шығармашылық тандемде ұсынылады.