Алматыда бейнекамераның көмегімен 2 мыңнан астам қылмыс ашылды

Алматыда бейнекамераның көмегімен 2 мыңнан астам қылмыс ашылды
Сурет: Іnform.kz

Қалада 128 мың бейнебақылау камерасы орнатылған.

Алматыда бейнекамералардың көмегімен 2 мыңнан астам қылмыс ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы полициясы бейнебақылау жүйесінің мүмкіндіктерін пайдаланудың тиімділігі туралы айтты. Полиция департаментінің мәліметінше, қалада 128 мың бейнебақылау камерасы орнатылған.

Оның ішінде «Қауіпсіз аула» қағидаты бойынша – 4 251, көшелердің, кіреберістердің және шығыстардың, сондай-ақ жол қиылыстарында 5 902, ал 1 322-сі саябақтарда, вокзалдарда, алаңдарда, тағы 1 437 камера қоғамдық көлікте орнатылған.

ПД Жедел басқару орталығына 15 мың бейнебақылау камерасы шығарылды, оның 3 854-і білім беру нысандарында орнатылды. Жыл басынан бері сыртқы бейнебақылау жүйесінің көмегімен 2 118 қылмыс ашылып, 662 226 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.