Алматыда «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» тағы бір филиалы ашылды

Алматыда «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» тағы бір филиалы ашылды
Сурет: Rupans.ru

Бір қатар емханаларға жөндеу жұмыстарын жүргізіледі.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданында әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында жасалып жатқан жұмыстар жайында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуетін іске асыру мақсатында қазан айында Мәуленов көшесі, 46а мекенжайында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» тағы 1 филиалы ашылды.

«Амангелді көшесіндегі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қалалық емханасының ғимаратын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жоба 2023 жылдың II-ші тоқсанында дайын болады (сараптама 2023 жылдың 2-ші тоқсанында шығады)», - деді қала әкімі.

Сондай-ақ, ескі ғимаратты бұза отырып, Әйтеке би көшесіндегі ревматологиялық орталықтың орнына 500 келушіге арналған жаңа емхананың жобалау-сметалық құжаттамасын  әзірлеу басталды. Жобалау-сметалық құжаттама  2023 жылдың IV-ші тоқсанында дайын болып, құрылысы 2024 жылдың көктемінде басталады.