Алматыда белсенді донорлар марапатталды

Алматыда белсенді донорлар марапатталды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының қан орталығы Дүниежүзілік донор күніне орай салтанатты іс-шара өткізді. Бұл күні үнемі қан тапсыратын 16 донор орталықтан алғыс пен естелік сыйлықтар алды деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Өткен жылы Алматыда қан және оның компоненттері донорларының жалпы саны 15 мыңнан астам адамды құрады, олар 11 мың литрден астам қан тапсырды. Күн сайын қан орталығында 70-100 донор қабылданады. Бүгінде мекеме Алматы қаласы мен Алматы облысының 20-дан астам медициналық ұйымдарына қызмет көрсетеді.

Орталық мамандарының ақпараты бойынша, қазіргі уақытта қалада қан тапшылығы жоқ, орталық заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген, барлық әлемдік және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін донорлық қан компоненттерін дайындау, тестілеу және қосымша қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи әдістері енгізілген.

Жексенбіден басқа күндері қан орталығына сағат 08:00-ден 15:00 аралығында келіп. Қан тапсырып, донор атануға болады. Анықтама үшін 8 727 338 23 80 телефонына хабарласуға болады.