Алматыда BBQ Business Fest өткізіледі

Алматыда BBQ Business Fest өткізіледі
Сурет: Дереккөз

Жас кәсіпкерлер қатысады

Алматыда BBQ Business Fest өткізіледі, оған мегаполистің жас кәсіпкерлер клубының өкілдері жиналады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 
Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Қаиыржан Мендіғалиев, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев және жас кәсіпкерлер қатысады. 

Халықаралық бизнес университетінің (UIB) базасында өтетін кездесуге 100-ден астам адам қатысады.
Қызықты бизнес-идеялар мен жобалар, кәсіпкерлерді қолдау тетіктері талқыланып, жас кәсіпкерлерге кеңестер беріледі.

Жобаны ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы
Өтетін жері: Халықаралық бизнес университеті, Абай даңғылы, 8а
Өтетін уақыты: сағ. 18.00 
Күні: 2022 ж. 18 тамыз

Аккредиттелу міндетті. Байланыс нөмірі: 87057056221 (Динара)