Алматыда Байзақов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда

Алматыда Байзақов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда almaty-akshamy.kz

Жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындыларына сәйкес орташа жөндеу жоспарына Байзақов көшесі енгізілген болатын. Қазіргі кезде Бқар жырау бульварынан Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлікте жөндеу жүргізіліп, көлік қозғалысы ашылды.


31 тамыз сағ.23:00-ден 1 қыркүйек 06:00-ге дейін жол жабынына орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Байзақов көшесінің Бұқар жырау бульварынан Тимирязев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен жабылады. 
Жабық учаскені Әуезов, Бұқар жырау бульвары, Сәтбаев, Байтұрсынов және Тимирязев көшелері арқылы арқылы айналып өтуге болады. 


Жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жоғарыда аталған көше учаскесінде патрульдік полиция полкінің 2 экипажы жұмылдырылатын болады.


Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы жол телеграм арнасында (https://t.me/AlmatyJoly), сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.


Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. 



Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет