Алматыда барахолка жақтағы қоймадан өрт шықты

Алматыда барахолка жақтағы қоймадан өрт шықты
сурет:tengrinews.kz

Қоймалардан тауарлық-материалдық заттарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.

Алматының Жетісу ауданында Москвина көшесінің бойында тауарлар сақталған қойма өртенді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Барлық күштер мен құралдар Жетісу ауданы, Москвина көшесі, 7 мекенжайына жөнелтілді.

«Қойма өртеніп жатыр, оқиға орнына штабтың жасағы жұмылдырылды, екі өрт сөндіру тобы құрылды, көрші қоймаларды сөндіру және қорғау үшін оқпандар енгізілді», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қоймалардан тауарлық-материалдық заттарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.