Алматыда «Барахолка» маңынан тағы да өрт шықты

Алматыда «Барахолка» маңынан тағы да өрт шықты
Сурет: Ашық дереккөз

«Сәлем» базарында бірнеше контейнер отқа оранды

Алматыдағы «Барахолка» базарынан өрт шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 6 ақпан күні сағат 21:09 шамасында өрт сөндірушілер Жетісу ауданы, Бөкейханов көшесі, 508а мекенжайына шақыртуға шықты.

«Алғашқы өрт сөндіру есептері оқиға орнына 3 минутта келді. Олар «Сәлем» базарында бірнеше контейнердің отқа оранғанын анықтады. Алдын ала ақпарат бойынша, өрт 120 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнында екі өрт сөндіру учаскелері құрылды», - деп хабарлады ведомстводан.

Сағат 21:42-де өрт оқшауланды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.