Алматыда балет артисі Рамазан Баповтың залы ашылды

Алматыда балет артисі Рамазан Баповтың залы ашылды
Сурет: Vlast.kz

Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Рамазан Баповтың залы ашылды.

Аты аңызға айналған балет артисі биыл көзі тірі болғанда 75 жасқа толар еді. Оның есімі қазақ балет өнерінің тарихында алтын әріптермен жазылып қалды. Балет өнеріндегі құбылыс. Өнертанушылар Рамазан Бапов жайында осылай дейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Расында ол қазақ сахнасын ерекше түрлендірді. «Аққу көлі», «Ұйқыдағы ару», «Щелкунчик», «Дон Кихот», «Спартак» сияқты классикалық қойылымдарда басты партияларды орындап, көремендердің қошеметіне бөленді. Сөйтіп, 1970 жылдары қазақ хореографиясына құбылыс болып қосылды.

75 жылдық мерейтойына орай өзі ұзақ жыл еңбек еткен опера және балет театрындағы залға есімі берілді. Әріптестері  қойылымды сол кісіге арнады. Қазір Баповтың өнерін қуған жастар көп. Оны ұстазым деп құрметтейтін ізбасарлары жеткілікті.  Әрине, бұл бізді қуантады. Шындығында ол балет өнерінің жауһары. Өз ісінің шебері болды,-деп еске алады әріптестері.

 «Рамазан Салихұлының орны ерекше. Сол кісі бүкіл осы тетрдағы барлық партияларды, рольдерді керемет сомдады. Қазір де сол кісі эталон дейміз ғой ол кісінің ішкі дүниесі тазалығы парасаттылығы ішкі дүниесі керемет болатын. Бұл деген бүкіл еліміз үшін бұл үлкен бір мәдени құбылыс сондай оқиға деп ойлаймын», - Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанова.

Ол мықты мамандардан тәлім-тәрбие алды. Елімізде сол балет мектебін қалыптастыру үшін барын салды. Мәскеуде қалып қалса да болатын еді. Бірақ ол елге оралып, хазақ хореографиясын әлемге танытты. Әріптестерінің айтуынша, әлі күнге дейін Спартак партиясын орындауда Баповқа тең келері жоқ.

«Оның болмысы өнерге жаралған. Текті тұлға еді. Өнер, соның ішінде балет десе ішкен асын жерге қойды. Ол сахнада мүлдем басқа адамға айналатын. Оны қайталау мүмкін емес. Ол балет үшін жаралды. Өмірінің соңына дейін өзінің ісін сүйіп өтті. Менің жарым осындай керемет жан еді», - дейді Қазақстанның Еңбек сіңірген артисі, жұбайы Людмила Рудакова. 

Рамазан Салықұлының хореографияны дамытудағы еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол Қазақ КСР-інің және КСРО халық артисі атанды. Бұдан өзге де марапттарға ие болды. 2014 жылы өмірден озды. Оның жүріп өткен жолы кейінгі ізбасарларына үлгі болып қала бермек.