Алматыда балалардың сурет көрмесі өтеді

Алматыда балалардың сурет көрмесі өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

Көрме Отанға деген сүйіспеншілікті оятады

Алматыдағы Орталық музейде 30 наурыз, сағат 15.00-де «Шығармашылық алаң» атты балалардың сурет көрмесі ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық  музейінің мәдени-білім беру қызметінің маңызды бағыттарының бірі балалар шығармашылығын қолдау және дәріптеу болып табылады.

Көрмеге Алматы қаласының 100-ден астам балалар шығармашылығын дамыту және бейнелеу өнер орталықтарының оқушылары қатысып, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер жанрдағы әртүрлі жұмыстарын ұсынады.        

Балалардың көрмеге қатысуы оларға еліміздің тарихы, өнері мен мәдениетімен танысуға, туған жерінің ұлттық құндылықтары, дәстүрлері мен сұлулығы туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілікті оятады. Сондықтан жас суретшілер өз жұмыстарында қоршаған әлемге, елдің өткені, бүгіні және болашағы туралы өз көзқарастарын білдіруге тырысты. Балалар Қазақстанның тарихы, мәдениеті, табиғатымен байланысты түрлі аспектілер мен сюжеттерді бейнелейді. Бұл көркем пейзаждар, адамдардың портреттері және натюрморттар, қаланың көшелері мен көрікті жерлері, тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздері.          

Жас суретшілердің идеялары мен шығармашылық ниеттерін көрсететін көркемөнер мектептері мен бейнелеу студиялары оқушыларының авторлық жұмыстары өнердің әртүрлі техникалары мен жанрларында орындаған. 
    
Көрмеге әртүрлі жастағы (5 жастан 17 жасқа дейін) оқушылар мен әр түрлі көркемөнер мектептері, балалардың шығармашылық орталықтары мен бейнелеу студиялары педагогтарының жұмыстары қойылады. Балалардың жұмыстары өте көркем, ашық, ерекшелігі мен әр алуан болғандығы сондай, қоршаған әлемге деген қуанышты көзқарастары мен қиялдары, ойлары таң қалдырады.

«Шығармашылық алаң» атты көрмесінде балалардың 100-ден астам туындылар қойылады.

Көрме 2023 жылдың 12 сәуіріне дейін жалғасады.