Алматыда балалардың спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелеріне қосымша ақша бөлінеді

Алматыда балалардың спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелеріне қосымша ақша бөлінеді
Сурет: 24.kz

Қала әкімі 4,5 млрд теңге қарастырып отырғанын айтты. 

Алматы балалары бос уақытын тиімді пайдаланып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматыда 44 мыңнан астам бала 594 спорт секциясына тегін барады. Бір уақытта 56 мың бала 1 179 шығармашылық үйірмеге қатысады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәслихат отырысы барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Бұл бастаманы алматылықтар жақсы бағалап отырғанын айта кету қажет. «Өтініштер легі» өте көп. Бұл 2,6 млрд теңге сомасына кредиттік берешектің қалыптасуына себеп болды (1,7 млрд тг. – спорт,900 млн. тг. - мәдениет). Осыған байланысты, Ел Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында біз қосымша 4,5 млрд теңге қарастырып отырмыз. Оның 3 млрд теңгесі спорт секцияларына және 1,5 млрд теңгесі шығармашылық үйірмелерге бөлінеді», - деді қала әкімі. 

Бұл ретте, ARTSPORTEDU.KZ бағдарламасының өзінде балалардың, өнім берушілердің деректерін тексеруге, мемлекеттік органдардың деректер базасымен толық интеграцияның  болмауына байланысты проблемалар бар.