Алматыда балалардың қатысуымен флешмоб өтті

Алматыда балалардың қатысуымен флешмоб өтті
Сурет: Polisia.kz

Науқан «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі»  республикалық іс-шаралар аясында өткізілді.

Алматыда балалардың қатысуымен флешмоб өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» Қазақ ғылыми-зерттеу институтының өкілдерімен бірге Наурызбай ауданындағы орта мектептердің оқушыларымен кездесіп, оларға қауіпсіздік шараларын еске салды.

«Бұл шара жаяу жүргіншілер арасындағы көлік тәртібін жақсартуға, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған. Түсіндіру жұмысымызда көшені белгіленбеген жерден кесіп өту, жол бойында және оның маңында ойнау мәселелеріне баса назар аударамыз. Сонымен қатар, ЖАІ аясында жолда жүру ережелерін түсіндіру және жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру бойынша рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргіздік. Жас қатысушыларға шағылыстыратын білезіктер табыстадық», – деп хабарлады Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.