Алматыда балаларды қорғау күніне орай құтқарушылар аллеясында сурет байқауы өтті

Алматыда  балаларды қорғау күніне орай құтқарушылар аллеясында сурет байқауы өтті
Cурет: ТЖД

Шығармашылық іс-шараға 70-тен астам өрт сөндіруші-құтқарушылардың, диспетчерлердің және басқа да қызметкерлердің балалары қатысты

Балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында өрт сөндіруші-құтқарушылардың балалары құтқарушылар аллеясының асфальтында суреттер орындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қаласы Мұқанов және Бөгенбай көшелерінің қиылысындағы құтқарушылар аллеясында ТЖ департаменті ТЖ органдары ардагерлерінің қалалық ұйымының қолдауымен балаларды қорғау күніне орай балалар суреттерінің конкурсын өткізді.

 Шығармашылық іс-шараға 70-тен астам өрт сөндіруші-құтқарушылардың, диспетчерлердің және басқа да қызметкерлердің балалары қатысты. Суреттерде балалар сүйікті отбасымен, өрт сөндіруші мамандығымен байланысты барлық нәрсені мұқият суреттеді. Жас қатысушылардың жасы-3-тен 12 жасқа дейін, әрқайсысының суреті ерекше болды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын: Умирбекова Жасмин Ерденовна. Оның анасы Диханбаева Айнұр-Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің құжаттамалық қамтамасыз ету тобының инспекторы.;  
1 орын: Кушкурбаева Аэлин Даулетқызы, , Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және ававрия-құтқару жұмыстары қызметінің байланыс күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының инженері Даулет Кушкурбаевтың қызы;  
2 орын иегерлері: Ермек Нұрай Нұрболқызы, әкесі Өтегенов Нұрбол № 10 бөлім бастығының орынбасары қызметін атқарады, сондай-ақ Уладиева Шатмира, әкесі 14-ӨСБ қарауыл бастығы Уладиев Рустам.   
3 орынды № 13 өрт сөндіру бөлімінің инженері Лаура Катжанованың қызы Меруерт Ерболқызы, сондай-ақ № 13 Өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Эльмира Қанқожаеваның қызы Алуа Қызырбай алды 
Құрамына ардагерлер ұйымының өкілі Ли Александр Михайлович, ТЖД және өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері кірген байқау комиссиясы түрлі жас санаттарындағы жеңімпаздарды анықтады. Барлық балаларға қатысқаны үшін естелік сыйлықтар мен тәтті сыйлықтар берілді.


 Іс-шара соңында азаматтық қорғау ардагері Гүлшат Дәуренбекова барлығына белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, балаларға өз елінің дені сау, мықты, ақылды және лайықты балалары болып өсуге тілек білдірді.
Алматы қаласы ТЖ департаменті балалар суреттері байқауына қатысқандардың барлығына алғыс білдіреді!