Алматыда балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ» мерекелік іс-шарасы өтеді

Алматыда балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ» мерекелік іс-шарасы өтеді
Сурет: Bilimdinews.kz

1 маусым сағат 10:00-де Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі  И.А. Крылов атындағы балалар кітапханасында Халықаралық балалар күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік іс-шара өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Іс-шара барысында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Дарабоз» байқауының жүлдегері, жазушы Баян Болатханның кітаптарының таныстырылымы, «Алтын адам» сыйлығының иегері, Халықаралық конкурстардың лауреаттары «Иль-канто» тобы, Қазақ мемлекеттік циркінің әртісі, Францияның Ницца қаласында өткен Халықаралық цирк фестивалінің Гран-при жүлдегерлері Тиканов Әділеттің тобы мен өнер иелерінің, кітапхана үйірмелерінің (вокал, домбыра)  қатысуымен мерекелік концерт, жәрмеңке (пісірілген тәтті тоқаштар), қолдан жасалған бұйымдар аукционы (түскен қаражат қайырымдылық қорына аударылады), Funny English ағылшын тілі үйірмесінің ұйымдастыруымен квест, «Жас қаржыгер» үйірмесінің ұйымдастыруымен интеллектуалды ойындар, буккроссинг, «Жаңа кітап» және сирек кездесетін кітаптар көрмесі, асфальтқа сурет салу байқауы өтеді.