Алматыда Балаларды қорғау күнінде бірқатар іс-шара өтеді

Алматыда Балаларды қорғау күнінде бірқатар іс-шара өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

Алматы әкімдігі 1 маусым - Халықаралық  балаларды қорғау күнінде қандай шаралар өтетінін жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Алматыдағы Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар тізімі:

- сағат 11:00 – де "Алматы БАЛАFEST" балалар фестивалі, ҚБТУ артындағы "Северный" сквері Қазыбек би – Абылай хан, Әйтеке би – Панфилов көшелерінің квадратында

- сағат 12:00-де "Family" саябағындағы мерекелік концерт, "Сарыарқа" метро станциясының кіреберісі

- сағат 11:00-де "Гүлдер" саябағында мерекелік концерт, Серіков көшесі, 2а
- сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы мерекелік концерт, Гоголь көшесі, 1

– сағат 12:00-де С. Сейфуллин атындағы саябақта, Шолохов – Щербаков көшелерінің қиылысында мерекелік концерт.