Алматыда «Балалар нейрохирургиясының өзекті мәселелері» атты конференция өтеді

Алматыда «Балалар нейрохирургиясының өзекті мәселелері» атты конференция өтеді
Сурет: Ашық дереккөзі

Алматыда 24 қыркүйекте «Балалар нейрохирургиясының өзекті мәселелері» тақырыбында конференция және мастер-классы өткізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мастер-классқа «В. Алмазов атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығы» №7 балалар нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымының кандидаты  Ким Александр Вонгиевич; Башкортостан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің еңбек сіңірген дәрігері, бас балалар нейрохирургы, Уфа қаласындағы «Республикалық балалар клиникалық ауруханасы» нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Айрат Тимершин; Санкт-Петербург қаласы «№3 балалар жұқпалы аурулар  ауруханасының» қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі, Жоғары санатты дәрігер, медицина ғылыми кандидаты  Ольга Пулькина; Алматы қаласы «№2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының» бас дәрігері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, медицина ғылымдарының кандидаты Марат Рабандияров; «Алтын шипагер-2019» сыйлығының лауреаты, нейрохирург дәрігері Азамат Жайлганов, сонымен қатар Республикамыздың нейрохирург, невролог, нейрофизиолог, реабилитолог, реаниматолог-анестезиолог дәрігерлерінің қатысуымен өтеді.

Мастер-класс пен конференция барысында балалар нейрохирургиясы тақырыбында дәрістер оқылып, өзекті мәселелерді талқыланады, заманауи технологияларды және ортақ емдеу протоколдарын енгізу жұмыстары жүргізіледі.