Алматыда балабақша кезегінде 43 мыңнан астам бала тұр

Алматыда балабақша кезегінде 43 мыңнан астам бала тұр
Сурет: Maqat-tynysy.kz

Алматы балабақшаларында орын тапшы. Бүгінгі күні мектепке дейінгі білім мекемесінің кезегінде 43 мыңнан астам бала тұр. Бұл туралы брифинг барысында қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Спикердің сөзінше, мегаполисте 866 мектепке дейінгі ұйым бар. Оның 192-сі мемлекеттік болса, қалған 674 -і жекеменшік балабақша.

«Қалада мектепке дейінгі білім беру саласындағы негізгі проблема- балабақашалардағы орын тапшылығы. Қазір 43 мыңнан астам бала кезекте тұр. 2025 жылға қарай 3 жастан 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамту жоспарда», - дейді Қайрат Жұманов.

Сонымен қатар, ол қалада 560 орынға арналған екі мемлекеттік балабақша салынып жатқанын атап өтті. Бұған қоса биыл мегаполисте 69 жекеменшік балабақша ашылады.