Алматыда ақын Бақытжан Қанапияновтың 70 жылдығына арналған Халықаралық жиын өтеді

Алматыда ақын Бақытжан Қанапияновтың 70 жылдығына арналған Халықаралық жиын өтеді
Cурет: Ашық дереккөз

Ақынның поэтикалық шығармалары шетелдің әдеби антологияларына енген

2021 жылғы 25 қазанда сағат 14.00 де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова залында ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен Бақытжан Қанапияновтың 70 жылдығына арналған «Бақытжан Қанапияновтың векзаметрлері» атты Халықаралық дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Бақытжан Қанапияновтың шығармашылық әлеміндегі әдеби және қоғамдық-саяси идеялар мен құндылықтарды түсіну және зерттеу. Бұл тәсіл іс-шараның ғылыми және мәдени-ағартушылық компоненттерін ақынның мерейтойын ұлттық және халықаралық деңгейде салтанатты түрде атап өтуге мүмкіндік береді.

Бақытжан Мұсаханұлы Қанапиянов – ақын, жазушы, кинодраматург, Қазақстан, Ресей, Украина, АҚШ, Ұлыбритания және Малайзия баспаларында жарық көрген қырықтан астам поэзия мен проза кітаптарының авторы. Оның поэтикалық шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, жақын және алыс шетелдердің әдеби антологияларына енген. 

Дүниежүзілік поэзия күнін өткізу идеясының авторы. Бірқатар халықаралық әдеби сыйлықтардың, оның ішінде «Алаш», «Тарлан» , Бүкіләлемдік ақындық байқаудың (Нью-Йорк, АҚШ) лауреаты. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері (2011), Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері (1998), «Мәдениет және өнер»  номинациясы бойынша  «Ел Тұлғасы – «Имя Родины»  халықтық дауыс берудің жеңімпазы (2012), Антон Дельвиг атындағы Бүкілресейлік сыйлықтың лауреаты. (2013), Қазақ Пен-Клубы Мұхтар Әуезов атындағы  сыйлықтың лауреаты. (2014), Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2020). Қазақ және орыс пен-клубтарының мүшесі, Қырым әдебиеті академиясының академигі (Симферополь қ. Қырым Республикасы), Қазақстан журналистикасының академигі, Халықаралық бейбітшілік және келісім комитетінің «Мәдениетке қосқан үлесі үшін» орденінің кавалері (Мәскеу), Еуропалық әдебиетшілер конгресінің басқарма мүшесі (Прага қ.), Орталық Азия мен Қазақстан өңірінің өкілі, «Литературная газета» баспасөзінің  Қазақстандағы меншікті тілшісі (Мәскеу қ.).

Поэзияның сиқырлы әлемінде Бақытжан Қанапиянов тапқан сөз құдіреті оқырмандарына шынайы этикалық шамшырақ болған жарық арал ретінде ғана емес, сонымен қатар шынайы өнер ретінде де  мәдениет метафоралары мен метаморфоздарының айнасы болып табылады. Ақынның векзаметрлерінде өткен және болашақ өмірде мәдениеттің тағдырын ашылып, тарих пен күнделікті өмір уақыты кездеседі. 

Дөңгелек үстелде баяндамалар мен хабарламалар түрінде де, еркін нысанда да сөз сөйлеу көзделеді. Дөңгелек үстел барысында мерейтой иесінің өлеңдерін оқуға және белгіленген тақырыптар бойынша ғылыми пікірталастарға көп уақыт бөлінеді.