Алматыда ағайынды тонаушылар ұсталды

Алматыда ағайынды тонаушылар ұсталды Сурет: Polisia.kz

Ағайынды екі жігіт көшеде өтіп бара жатқан адамдарды тонаған


Алматыда ағайындылар көшеде өтіп бара жатқан адамдарды тонаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


23 және 18 жастағы ағайындылар қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінген.



«Хмельницкий көшесінің бойында олар әйелді қорқытып, сырғасын тартып алған. Жәбірленуші күдіктілердің белгілерін анық есіне сақтап алды. Бірнеше сағаттан кейін күдіктілер қамауға алынды. Олар зергерлік бұйымнан құтылып үлгерген: сырғаны сатып жіберген, ал түскен ақшаны жұмсаған. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлімінің 1,3-тармағы бойынша тіркелді. Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктілерге қатысты “қамауда ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Қазіргі уақытта олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», – деп түсіндірді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26