Алматыда аяздың қайтатын түрі бар ма?

Алматыда аяздың қайтатын түрі бар ма?
Сурет: Mail.kz

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы. 

«Қазгидромет» РМК Алматы қаласында 14-20 қаңтар күндері қалыптасатын ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

14 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -21-23, күндіз -11-13 градус болады.
15 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде термометр бағаны - 20-22, күндіз -10-12 көрсетеді.
16 қаңтарда ауа температурасы түнде -24-26, күндіз -10-12 градус болады.
17-18 қаңтарда сынап бағанасы түнде -12-17, күндіз 8-13 градус.
19-20 қаңтарда көшпелі бұлт шығады. Қар жаумайды. Ауа температурасы түнде -12-17, күндіз -5-10 аяз.