Алматыда автобус апатына кінәлі деген күдікпен жүргізушінің ісі сотқа жолданды

Алматыда автобус апатына кінәлі деген күдікпен жүргізушінің ісі сотқа жолданды
Сурет: Ашық дереккөз

Жол апаты салдарынан 1 адам көз жұмып, 21 адам зардап шеккен

Алматыда адам өліміне әкеп соққан жол апатын жасаған автобус жүргізушісіне қатысты іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бүгін қала прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын зерделеу нәтижелері бойынша, №98 автобусының жүргізушісі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сотқа жолданды», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, былтыр 8 қараша күні Алматыда Төле би – Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысқан болатын.

Жол апаты салдарынан 1 адам көз жұмып, 21 адам зардап шеккен.

Сондай-ақ, автобус апатына қатысы бар жүргізуші қамауға алынған болатын.