Алматыда автобус апатына қатысы бар жүргізушіні қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Алматыда автобус апатына қатысы бар жүргізушіні қамауда ұстау мерзімі ұзартылды Сурет: Ашық дереккөз

Жол апаты салдарынан 1 адам көз жұмып, 21 адам зардап шеккен.


Алматыда автобус апатына қатысы бар жүргізушіні қамауда ұстау мерзімі келесі айға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарламасы бойынша, 4 қаңтарда соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының өтініші қанағаттандырылды, сондай-ақ, А. - ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 3 айға, яғни 9 ақпанға дейін ұзарту санкцияланды», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.



Еске салайық, өткен жылы 8 қараша күні Алматыда Төле би – Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысқан болатын.


Жол апаты салдарынан 1 адам көз жұмып, 21 адам зардап шеккен.


Сондай-ақ автобус апатына қатысы бар жүргізуші қамауға алынған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31