Алматыда ауыз су молаяды

Алматыда ауыз су молаяды
Сурет: Zaleskiy.com

«Қарғалы» өзенінде су жинау құрылысын салу жоспарлануда. Бірінші кезекте су дайындау станциясының құрылысы басталды.

 Су қорын сақтау үшін көлемі 4000 м3 болатын екі резервуар, көлденең тұндырғыш, бақылау-өткізу пункті бар қызметтік блок, кіреберіс жол және алаңішілік инженерлік желілер салу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Су жинау құрылысының қолданыстағы өнімділігі тәулігіне 5440 м3 құрайды. Жобаға сәйкес бұл көрсеткішті 2,75 есеге, яғни тәулігіне 15000 м3-ге дейін ұлғайту жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Нұрлы көшесіндегі бұзылған жол учаскесінің Сәбденовтен Райымбек даңғылына дейінгі құрылысы аяқталатын болады. Көшенің жалпы ұзындығы 2 шақырым, қазіргі уақытта жаяу жүргіншілер тротуарлары мен веложол салу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жобаны іске асыру Наурызбай ауданының көше-жол желісінің кептеліс деңгейін төмендетуге, қаланың инфрақұрылымын және көлік инфрақұрылымын белсенді дамытуға, сондай-ақ Алматы қаласының автожолдарының кептеліс мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, «Жайлау» шағынауданында кәріз желілерін төсеу бойынша жүргізілген жұмыстардан кейін «Сұңқар» ЖШС мердігерлік ұйымының күшімен Редько көшесіндегі асфальт жабынын қалпына келтіру жұмыстары басталды.