Алматыда ауызашардың бағасы қанша?

Алматыда ауызашардың бағасы қанша? Сурет: Вilimdiler.kz

Айлардың сұлтаны Рамазанға да жеттік. Ал бұл айда ораза ұстау – дені сау балиғат жасына толған әрбір мұсылманға парыз.


Ауыз бекіткен мұсылман сәресін үйінен ішіп шыққанмен, қаланың қарбалас шаруасымен, қаптаған көлік кептелісімен ауызашарда үйіне жете алмауы да мүмкін. Немесе ораза тұтқан жақындарына ауызашар беруге ниеттеніп, бірақ үйінде қонақ күтуге уақыты, мұршасы бола бермейтіндер де бар. Осындай кезде қоғамдық тамақтандыру орындарына жүгінуге тура келеді.


Алматыда не көп, кафе мен ресторан көп. Алматы ақшамы сайтының тілшісі солардың біршамасына хабарласып, рамазан айындағы ауызашар бағасын білген еді. Қаламызда тамақтанатын орын көп болғанымен, олардың кейбірі оразаға арнап мәзір құрмапты (Біз негізінен еуропа асханасын дайындайтындарға емес, шығыс асханасына арналған орындарға хабарластық).


Қаламыздың Жібек жолы даңғылында орналасқан «Pampooshka» аталатын ресторанда рамазанға арналған сет 3150 теңгеден басталады екен. Біз хабарласқан орындардың ішіндегі ең арзаны осы болды.




Ал Яссауи көшесіндегі «Ифтар» лагманханасының өкілі ауызашар бағасы кісі басына 6-7 мың теңге деп жауап берді.


Алматының бірнеше жерінде орналасқан «Тюбетейка» шығыс шайханасының Абылайхан даңғылындағы филиалы оразаға арнаулы мәзіріміз жоқ, күнделікті меню бойынша тапсырыс қабылдаймыз деді. Бұл жердің орташа чегі адам басына 10-12 мың теңге көлемінде.


Абай даңғылындағы «Qaimaq» ресторанының ауызашар мәзірі төмендегідей, бағасы көрсетілген.



Әуезов көшесінің бойындағы «Ipar» халал асханасының администраторының айтуынша, мұндағы баға адам басына 5 мың теңгедей болады екен.


Желтоқсан көшесінде орналасқан «Сыдық» рестораны өкілінің айтуынша, ортақ залда тамақ ішу үшін ауызашар мәзірі адам басына 9800 теңге екен, немесе күнделікті менюден сатып алуға да болады.


Иштван Қоңыр көшесіндегі «Панорама» мейрамханасы рамазанға арнап 2 түрлі мәзір әзірлепті.




«Достық» ықшамауданындағы «Ават» мейрамханасында ауызашар бағасы адам басына 7500 теңге тұрады екен.


Ораза тұтушының ауыз ашу уақыты ақшам намазының уақыты, яғни күннің батуымен байланысты. Ауызашар беру – сауапты іс. Зәйд ибн Халид әл-Жуһайнидің (р.а.) риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», – деген. (Тирмизи, Саум, 82; Ибн Мажә, Сиям, 40).



Тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер кімде-кім Рамазан айында адал табысымен ауызашар берсе, періштелер Рамазан айының соңына дейін оған дұға жасайды», – деген. Сонда риуаят етуші: Уа, Расулалла! Ауызашарға ештеңе таппаса не істейді? – деді. – «Бір тілім нан берсін» – деді. – «Ол да болмаса ше?» – «Онда қара су берсін» – деді (әт-Тарғиб уәт Тархиб, 2/431.) Ораза тұтқан кісіге бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады.



Рамазан айы құтты, ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31

12:19

12:10