Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Алматыда ауа сапасы нашарлайды
сурет: ecojer.kz

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

20 шілдеде Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Басқа қалалардағы метеоахуал қалыпты.

«Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал»,- делінген хабарламада.