Алматыда ауа райы өзгере ме?

Алматыда ауа райы өзгере ме? сурет:bolzhau.com

14-15 мамырда елдің солтүстік жартысында, түнгі уақытта 3 градус үсік жүреді. 


Алдағы демалыс күндері Алматыда күн жылы болады. Бірақ жауын-шашын жаууы ықтимал. Ал еліміздің Солтүстік және шығыс аймақтарда түнгі уақытта үсік жүруі мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Алдағы демалыс күндері елімізде тұрақсыз ауа райы болуы ықтимал. Синоптиктер сенбіде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады. Ал күндіз солтүстік-батыс пен солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Артынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста тұман түсетінін хабарлады. Оңтүстікте демалыс күндері шаңды дауыл болады. Шымкентте де найзағай ойнап, жел күшеймек. Осыған байланысты мегаполисте дауылды ескерту жарияланып отыр.



«Мамандар Қазақстан бойынша ауа температурасының ауытқитынын айтады. 14-15 мамырда елдің солтүстік жартысында, түнгі уақытта 3 градус үсік жүреді. 13 мамырда солтүстікте, 14 мамырда оңтүстік аймақтарда, 14-15 мамырда оңтүстік-батыста жауын-шашын жауады. 15 мамырда түнде республиканың шығысында жаңбыр аралас қар түседі», – деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Смағұлова.



Солтүстік және шығыс аймақтарда түнгі уақытта 2-3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Алматы қаласында күн ала бұлтты, жаңбыр жаууы ықтимал. Сенбі, жексенбі күндері термометр бағаны күндіз +23-25 +23°C, түнде 13-15 °C градусты көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37