Алматыда күн күрт суытады

Алматыда күн күрт суытады Сурет: 24.kz

Алдағы күндері қалада ауа райы қандай болады?


Алматыда алдағы күндері қар жауып, 13 градусқа дейін аяз болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Синоптиктердің болжамы бойынша, Қара теңіз аймақтарынан үлкен антициклон келеді. Еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында 17 ақпанда антициклонның ауысуына байланысты қардың түсуі тоқтап, ауа температурасының төмендеуі күтіледі.



«16 ақпанда Алматыда күн бұлтты болады, кейде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -6 -8, күндіз -4 -6 аяз болады. 17 ақпанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман, көктайғақ. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -11-13, күндіз -5-7 аяз болады. 18 ақпанда күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -11-13, күндіз -2-4 аяз болады», - деп хабарлады Алматы қаласы бойынша «Қазгидромет» РМК.



Сондай-ақ, алдын ала болжамға сәйкес, арғы күндері Алматыда жауын-шашын болмайды. 21 ақпаннан бастап ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп күтілуде. Айта кетейік, бүгін Алматыда түні бойы қар жауды. Осылайша шаһарда қардың қалыңдығы 15-18 см, ал тау бөктерінде 30 см жетті. Ал Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше бағыттағы жолдар жабылды.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26