Алматыда ауа райы күрт өзгереді

Алматыда ауа райы күрт өзгереді
Сурет: Aboutkazakhstan.com

Ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 «Қазгидромет» мамндары маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

Мамандардың болжамынша, бүгін Атырау, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы күрт өзгереді. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Қолайсыз ауа райының себебі атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды ластаушы заттардың жиналуынан болып отыр. Сондықтан елдің кей бөлігінде ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.