Алматыда қаңтар оқиғаларына байланысты монумент жобасын әзірлеуге ашық байқау жарияланды

Алматыда қаңтар оқиғаларына байланысты монумент жобасын әзірлеуге ашық байқау жарияланды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Байқауға қатысуға өтінім бері 10 ақпанға дейін жалғасады

Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы 2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласында орын алған қаңтар оқиғаларына байланысты монумент (Пантеон) жобасын әзірлеуге ашық байқау жариялайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2022 жылдың 22 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 10 ақпаны аралығында қабылданады.

Қосымша ақпаратты Алматы қаласы, Абай даңғылы 90, Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасынан (3 қабат) немесе 8 (727) 240-80-00 телефоны арқылы білуге болады. 

Алматы қаласында 2022 жылғы қаңтарда өткен оқиғалардың ең үздік монумент (Пантеон) жобасын әзірлеуге арналған ашық байқау туралы ЕРЕЖЕ төмендегі сайттарда жарияланған: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-uaig/documents/details/255471?lang=kk; https://almaty.uaig.kz/wp-content/uploads/2022/01/polozhenie-konkursa-panteon-2022-kaz.pdf.