Алматыда Атакент көрме орталығы өртеніп жатыр

Алматыда Атакент көрме орталығы өртеніп жатыр
Сурет: Gov.kz

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алматыда «Атакент» көрме павильоны өртеніп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру бригадасы Бостандық ауданы, Тимирязев көшесі 42 мекенжайы бойынша шақыртуға шықты. 

«Бостандық ауданы, Тимирязев к-сі 42  № 9 павилион аумағындағы Атакентте жану анықталды.Таралу қаупі жоқ. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өрт сөндірудің екі учаскесі құрылды, Өрт оқпандары іске қосылды, автоцистерналар батыс және шығыс жағынан гидранттарға орнатылды. АЛДЫН АЛА АҚПАРАТ БОЙЫНША ПАВИЛЬОН БОС.Алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі келген кезде №9 павильон ашық жалынмен жанып жатты. Өзге ғимараттарға таралу қаупі жоқ», - деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндірудің екі учаскесі құрылды, өрт оқпандары іске қосылды, автоцистерналар батыс және шығыс жағынан гидранттарға орнатылды. Алдын ала ақпарат бойынша павильон бос тұр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 17 бірлік техника 50 адам жұмыс істеп жатыр.

Төтенше жағдайлар департаментінің соңғы дерегі бойынша, өрт сөндірушілер сағат 17.23 минутта өртті толығымен сөндіріп үлгерді.