Бақытжан Сағынтаев Ақанаевтардың суретшілер әулетін көрменің ашылуымен құттықтады

Бақытжан Сағынтаев Ақанаевтардың суретшілер әулетін көрменің ашылуымен құттықтады
almaty-akshamy.kz

Көрмеде суретшілер әулетінің төртінші буыны – Ақанаевтар немерелерінің жұмыстары да көрсетілуде.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы өзінің аккаунтында Алматы галереясында ашылған кескіндеме шеберлері Ақанаевтар шығармалары көрмесінің басталуы туралы айтты,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Almaty Gallery-де кескіндеме өнерінің хас шебері Амандос Ақанаев бастаған Ақанаевтар әулетінің көрмесі ашылды. Суретшілер отбасын айтулы күнмен құттықтап, сарқылмас шабыт пен шығармашылық ұзақ ғұмыр тілеймін!», — деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Алматы галереясының жетекшісі Наргиз Алибтің айтуынша, 1 шілде мен 16 қыркүйек аралығында ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Амандос Ақанаевтың, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Нэлли Бубэнің, танымал кескіндеме, графика, мүсін және инсталляция шеберлері Ақанаев Русланның, Ақанаева Ботагөздің және Ақанаев Ескендірдің құнды туындылары көрме залына қойылған. Бұдан өзге, суретшілер әулетінің төртінші буыны – Ақанаевтар немерелерінің жұмыстары да көрсетілуде.

Галерея Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейді, барған кезде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет.

«Almaty Gallery-де кескіндеме өнерінің хас шебері Амандос Ақанаев бастаған Ақанаевтар әулетінің көрмесі ашылды. Суретшілер отбасын айтулы күнмен құттықтап, сарқылмас шабыт пен шығармашылық ұзақ ғұмыр тілеймін!» – деді әкім.