Алматыда ашуға мінген әйел күйеуінікі екен деп көршінің көлігін талқандап тастаған

Алматыда ашуға мінген әйел күйеуінікі екен деп көршінің көлігін талқандап тастаған
Сурет: Ашық дереккөз

Таңертең талқаны шыққан көлігін көрген көршісі полицияға арыз жазады.

Әлеуметтік желіде бір әйелдің есік алдында тұрған Kia автокөлігін оңдырмай талқандап жатқанын сипаттайтын видео пайда болды. Аталған оқиға Алматы қаласында Жаңа жыл қарсаңында орын алғаны айтылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Видеоға берілген сипаттамада Жаңа жылға бірер минут қалғанда күйеуімен ұрсысып қалған әйел есік алдына атып шығып, "оның Kia K5" ақ көлігін талқандай бастағаны, есікті майыстырып, терезені сындырып, нөмірді жұлып алғаны айтылады. Кейін белгілі болғандай, бұл оның күйеуінің емес, көршісінің көлігі болып шыққан. Ашулы әйел оны шатастырып алған.

Таңертең талқаны шыққан көлігін көрген көршісі полицияға арыз жазады.

"Бұл факт тіркеуге алынған. Қазіргі уақытта оны жергілікті полиция қызметі қарастырып жатыр. Ары қарай ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылдау үшін істің мән-жайы мұқият зерделенетін болады"- делінген хабарламада.