Алматыда ашық аспан астындағы KITF TRAVEL PARK 2021 экспозициясы ашылды

Алматыда ашық аспан астындағы KITF TRAVEL PARK 2021 экспозициясы ашылды
Tengrinews.kz

KITF Travel Park – бұл туризм мен өнер бір-бірімен ұштасатын екі апталық іс-шаралар топтамасы. Мұнда Қазақстанның әрбір өңірінен, сондай-ақ көрші мемлекеттерден келген қонақтар өздерінің табиғи сұлулығымен, тарихи көрікті жерлерімен таныса алады.

Көрмедегі әрбір стенд тақырыптық аймақ және арт-нысан түрінде ресімделеді. Іс-шарада ішкі туризмді дамыту үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінің тартымдылығын көрсететін арт-нысандар мен инсталляциялар орнатылды. Әр аймақтан келген қатысушылар өз жерінің жеке дизайнын қолдана отырып, туристік өнімдері туралы айтады.

KITF Travel Park 2021 алаңы тірі тілдесу форматында туризм индустриясын дамыту үшін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттардың шешімдерін іздестіруде ықпалды демеу болуға арналған. Өтетін орны: «Атакент» көрме орталығының серуендеу аймағынан 8 тамызға дейін тамашалай аласыздар (Тимирязев көшесі, 42)