Алматыда аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасының жолы кесілді

Алматыда аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасының жолы кесілді
Сурет: Meme-arsenal.com

Аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасының жолы кесілді.

Бұл қылмысты Қаржы мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қаланың Авиациялық көлік прокуратурасымен бірлесіп ашты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

«Осы жылдың 2 қазанында Алматы қаласында қызметтік-іздестіру итінің көмегімен жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде АҚШ-тан пошта жөнелтілімдерін алғаннан кейін жалпы салмағы 648,98 гр «марихуана», сондай-ақ жалпы салмағы 675,65 гр «гашиш» есірткі заттары табылып, тәркіленген Алматы қаласының тұрғындары ұсталды», - деді ведомстводан.

Аталған адамдар Telegram мессенджері арқылы Қазақстан аумағында есірткі сатуды жоспарлаған. Тінту барысында электрондық таразылар мен өлшеп орауға қажетті басқа да құралдар табылды.

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабы тәртібінде тергеу мүддесінде жария етілмейді.