Алматыда ArtSport-ты жыл соңына дейін жалғастыру үшін 7,3 млрд теңге бөлінді

Алматыда ArtSport-ты жыл соңына дейін жалғастыру үшін 7,3 млрд теңге бөлінді
Сурет: Azh.kz

Аталмыш бағдарламасы бойынша 15 500 бала қамтылған.

Алматыда ArtSport бағдарламасы жыл соңына дейін жалғасады. Оған қосымша қаржы бөлінді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Алматының Алатау ауданында ArtSport бағдарламасы бойынша 15 500 бала қамтылған. Қызмет көрсетушілердің қарызын өтеу және бағдарламаны жыл соңына дейін жалғастыру үшін әкімдік қосымша 7,3 млрд теңге бөлді»,- деді Ерболат Досаев.

Бұған дейін әкімдіктің ArtSport бағдарламасы бойынша маусым мен тамыз айының соңына дейін көрсетілген қызметтер үшін жеткізушілерге 2,2 млрд теңге көлемінде қарызы бар екенін жазған болатынбыз. 

Қазіргі таңда Алматыда artsport.edu.kz сайтының дерегінше, үйірмеге 83 мың бала қатысады, оның 35,5 мыңы спортпен және 47,5 мыңы шығармашылық айналысады.

ArtSport бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталған еді.