Алматыда «Арнайы кітапханалар және Байтұрсынов әлемі» атты жас кітапханашылардың слеті өтті

Алматыда «Арнайы кітапханалар және Байтұрсынов әлемі» атты жас кітапханашылардың слеті өтті
Сурет: Кітапхана

Кеше республикалық кітапхананың ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет қайраткері А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Арнайы кітапханалар және Байтұрсынов әлемі» тақырыбында республиканың арнайы кітапханалары жас кітапханашыларының ІV слетінің ашылуы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аталған шара зағип және нашар көретін азаматтарға арналған.

Слетке ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық одақтың төрағасы Б.Қ.Оспанова, директордың кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Х.Юсупова, ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Г.А.Маханбетовалар қатысты.

Оспанова Б.Қ. құттықтау сөз сөйлеп, Астана қаласындағы Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана басшысы Нұрланов Ғалым Адайұлын Қазақстандық Кітапханалық одақтың «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапаттады.