Алматыда арбаға таңылған кейуананы құлдықта ұстап, қайыр сұратқандарға іс қозғалды

Алматыда арбаға таңылған кейуананы құлдықта ұстап, қайыр сұратқандарға іс қозғалды
Сурет: Ашық дереккөз

Алматы полициясы мүгедек арбасында отырған зейнеткерді қайыр сұрауға мәжбүрлегендерге іс қозғады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Еске сала кетейік, желіде әлдебіреулер 66 жастағы алматылық кемтар әйелді құлдықта ұстап, күні бойы жол бойында қайыр сұрауға мәжбүр еткені жайлы хабар тарады.

Арбаға таңылған зейнеткерді жайма базарда волонтерлер байқап қалған.

Алматы қаласы ПД аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 126-бабы бойынша тіркелгенін хабарлады.

Қылмыстық іс бойынша өндірісті Жетісу аудандық ПБ қызметкерлері жүргізіп жатыр.

Оқиғаның мән-жайы анықталып, Қазақстан заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады.