Алматыда Almaty Sport Fest атты ауқымды фестиваль өтуде

Алматыда Almaty Sport Fest атты ауқымды фестиваль өтуде
Сурет: Sportsmatik.kz

Бүгін Республика күніне орай Балуан Шолақ атындағы сарайда  (Baluan Sholak Arena) Almaty Sport Fest атты ауқымды спорттық бағдарламадан тұратын фестиваль өтуде. Almaty Sport Fest фестивалі қала қонақтарын Baluan Sholak Arena, Olimpic Arena және ABAI Arena кешендерінде өтетін спорт секциларымен қуантуда. Сонымен қоса белгілі спортшылар мен жаттықтырушылар да шеберлік сағатын өткізуде. 

Аталмыш шараның негізгі мақсаты  – спортты дамыту және осы кешендерде спортпен айналысатындардың санын арттыру. Биыл  Baluan Sholak Arena өзінің 55 жылдығын атап өтеді. Осыншама  уақыт ішінде қаншама ауқымды спорттық шаралар өткізілгені жасырын емес.

Қазіргі таңда  Baluan Sholak Arena, Olimpic Arena, ABAI Arena спорт кешендерінде 20 спорт секциясы жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш бұдан да өсетіні анық. Жақын уақытта жеке инвестицияларды тарту арқасында  спорт кешенінің астыңғы және үшінші, төртінші қабаттарында жаңа секциялар ашылмақ. Спорт кешенінде спортпен айналысуға, жаттығулар жасауға барлық жағдай жасалған.