Алматыда Almaty Food Fest 2022 халықаралық гастрономиялық фестивалі өтеді

Алматыда Almaty Food Fest 2022 халықаралық гастрономиялық фестивалі өтеді
Сурет: Forbes.kz

Шараға 10 мыңға жуық қонақ келеді деп күтілуде.

Іс-шара 29-30 қазанда Абай атындағы алаң (Республика сарайының алдында) бірнеше аспаздық аймақтарға бөлінеді. Дәстүр бойынша, фестивальде әлемнің түрлі ұлттық тағамдары, оның ішінде мексикалық, грузин, американдық, азиялық және қазақ тағамдары ұсынылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

27 қазан күні сағат 10:30-да Dostyk Hotel Алматы қонақ үйінің «Арна» мәжіліс залында Almaty Food Fest 2022 фестиваліне орай баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер:
Марлен Маралов, Алматы қаласы туризм басқармасы басшысының орынбасары;
Александр Прошенков, Afisha, Cafeteria, Raw аспазшысы;
Рохит Мавле, фуд-блогер (Үндістан);
Марко Валерио Солини, блогер, аспаз маманы.
Мекенжайы: Құрманғазы көшесі, 36, «Достық» қонақ үйі, «Арна» мәжіліс залы, 4 қабат
Уақыты: 27 қазан. Журналистердің жиналу уақыты: 10 сағат 30 минут.
Аккредитациядан өту үшін байланыс телефондары: 
Тоғжан Бектұрсынова: +7-707-847-6501.
E-mail: togzanbektursynova@gmail.com, olessya.kolesnichenko@gmail.com