Алматыда алимент төлемеген ер адам бас бостандығынан айырылды

Алматыда алимент төлемеген ер адам бас бостандығынан айырылды
Cурет: Ашық дереккөз

Оның өз балаларына берешегі 5 миллион 144 мың 362 теңгені құраған

Үкім Алматыдағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шықты.  Алимент төлемейтін қаскөй бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қалалық Полиция Департаментінің мәліметінше, қылмыстық істі анықтау Басқармасы тергеген.  

«Іс бойынша, 1990 жылы туған Ч.есімді азамат, бес жыл бойы екі кішкентай баласына алимент төлеуден жалтарып келген.  Өзін қорғау үшін ер адам ресми кірісі жоқ екенін алға тартты.  Сотқа дейінгі тергеумен анықталғандай, күдіктінің кірісі болған, ол жай ғана алименттерді қасақана төлемеген.  Оның өз балаларына берешегі 5 миллион 144 мың 362 теңгені құраған.  Сот үкімімен Ч.есімді азамат сот залында қамауға алынды», - деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рүстем Әбдрахманов.